BANNER

Екі қазақстандық боксшы Азия чемпионатының келесі айналымына өтті

Фото: olympic.kz

Бокстан Қазақстан құрамасының атынан екі спортшы Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті, деп хабарлайды Life09 ақпараттық агенттігі Aikyn.kz-ке сілтеме жасап.

Аида Әбікеева 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өзбекстандық боксшы Дильфуза Бековамен қолғап түйістірді. Нәтижесінде, Аида қарсыласынан 4:1 есебімен басым түсіп, келесі айналымға өтті.

Ал, тағы бір қазақстандық боксшы Милана Сафронова (66 келіге дейін) қарсыласының жарыстан бас тартуына байланысты, жартылай финалға тікелей жолдама алды.

 Айта кетейік, келесі жекпе-жек 7 желтоқсанда өтеді.