BANNER

Елена Рыбакина Майамидегі турнирдің финалына шықты

Фото: ашық ақпарат

Әлемнің төртінші, Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева Майамидегі WTA 1000 турнирінің финалына шықты,-деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі.

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Майамидегі WTA 1000 турнирінің финалына жолдама алды. Отандасымыз ширек финалда грекиялық Мария Саккаримен жолығып, 7:5, 6:7, 6:4 есебімен жеңіске  жетіп, жартылай финалда Юлия Путинцевадан басым түскен белорусиялық Виктория Азаренкоға қарсы ойнады. Үш сетке созылған матчта отандасымыз әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасын  6:4, 0:6, 7:6 ұтып, алтын жүлдеге таласуға мүмкін алды. Рыбакина финалда Екатерина Александрова (Ресей) мен Даниэль Коллинз (АҚШ) жұбының жеңімпазымен кездеседі.