BANNER

Елімізде көріпкелдер мен бақсылар 3 млрд теңгеге жуық табыс тапқан

Фото: pexels.com

Елімізде көріпкелдер мен бақсылар 3 млрд теңгеге жуық табыс тапқан, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі Sputnik телеграм арнасына сілтеме жасап.

Бұл — ресми тіркелген «сиқырлы қызмет» өкілдерінің ғана кірісі.

Қарапайым бал ашу 3 000–5 000 теңгеден басталады.

Ал танымал экстрасенстердің күрделі ритуалдары 1 млн теңгеге дейін жетеді.

Бұрын олардың негізгі клиенттері ауыл тұрғындары болса, қазір табыстың басым бөлігі қалалардан түсіп отыр.