16-18 шілде аралығында Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Солтүстік-батыс циклонының ықпалынан батыс, солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде нөсер жаңбыр, бұршақ түсіп, жел күшеюі мүмкін.
Батыс пен солтүстік аймақтарда аптап ыстықтың беті қайтып, күндізгі ауа температурасы батыста +22…+35°С, солтүстікте +21…+36°С шамасында болады.
Ал, орталық және шығыс өңірлерде өте ыстық ауа райы сақталып, сынап бағаны +41°С-қа дейін көтеріледі.
Оңтүстік, оңтүстік-шығыс және оңтүстік-батыс өңірлердің жекелеген аумақтарында Орта Азиядан келетін ыстық ауа массаларының әсерінен температура +41…+46°С-қа дейін жетеді. Бұл өңірлерде жауын-шашын күтілмейді.
Дереккөз: Qazaqstan.tv