Бүгін "Елтану" жобасы аясында «Ұлы дала елі» тарихи-танымдық экспедициясы жолға шықты. 13-14 қыркүйек аралығында Қарқаралы ауданы мен 20-21 қыркүйек аралығында Шет, Ақтоғай ауданына бару жоспарланған. Экспедицияға ҚХА мүшелері, ҚХА құрылымдарының басшылары, журналистер, мемлекеттік тілді еркін меңгерген түрлі этнос өкілдері қатысады. Жоба Қарағанды облысында орналасқан тарихи-мәдени маңызы бар нысандарға бару, экспедицияға қатысушыларды рухани, мәдени және тарихи ескерткіштермен таныстыруға бағытталған. Экспедиция аясында жергілікті тұрғындармен кездесулер ұйымдастырылады, тарихи ескерткіштерге тағзым етіп, гүл шоқтары қойылмақ.
«Елтану» экспедициясы жолға шықты
Суреттер ұйымдастырушылардан