Ерлі-зайыпты тұрғындарды алдап, 200 млн теңге жымқырған

Фото: Life09

Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Күдіктілер Астана мен Семей қалаларының тұрғындарының сеніміне кіріп, 200 млн теңге қаражатын иемденген.

Халықаралық іздеуде жүрген ерлі-зайыпты Жамбыл облысында ұсталды. Олар ұзақ уақыт бойы таныстарының үйінде жасырынғаны анықталды.

Қазір олар уақытша ұстау изоляторына қамалды.