BANNER

Головкиннің соңғы жекпе-жегінде ықтимал қарсыласы белгілі болды

Фото: Google

Аты аңызға айналған қазақстандық боксшы Геннадий «GGG» Головкин (42-2-1, 37 KO) мансабындағы соңғы жекпе-жегінде америкалық Андре Уордпен (32-0, 16 KO) кездесуі мүмкін.

2004 жылғы Олимпиада чемпионы, бұрынғы WBA, WBC және The Ring белбеулерінің иегері Андре Уорд жақында рингке қайта оралатынын мәлімдеген болатын. Осыдан кейін әйгілі Sports Illustrated журналы оған үш ықтимал қарсылас ұсынды, олардың қатарында ең бірінші болып Қарағанды облысының тумасы Геннадий Головкин аталды.

Басылым мәліметінше, бұл айқас 2015 жылы өтуі мүмкін еді, алайда сол кезде екі тарап келісімге келе алмады. Roc Nation Sports дерегінше, Головкиннің командасы келісімшарттан бас тартқан, себебі қазақстандық боксшының орта салмақта Давид Лемьеге қарсы біріктірілген жекпе-жегі жоспарланып қойған еді.