BANNER

Алматыда электрсамокат мінген екі қызды автобус қағып кетті

Stan.kz

Оқиға 3 қыркүйекте сағат 12:30-да Мақатаев көшесінде болған, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап. 2008 жылы туған екі қыз электрсамокатпен жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан кезде, шығыс бағытқа қозғалған автобус оларды қағып кеткен. Жәбірленушілер түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Қазір полиция жол апатының мән-жайын анықтап жатыр.