Интернет-пайдаланушылардың сұрақтарына Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары Азамат Тайжанов жауап береді

Фото: Қарағанды облысы әкімдігі сайтынан алынды

Еgov.kz порталының «Ашық диалог» бөлімінде 31 наурыз күні сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары Азамат Тайжановпен интернет-конференция өтеді.

Тақырыбы – «Жолдарды жөндеу және көлік инфрақұрылымын дамыту».

Спикерге сұрақ қою үшін электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) қажет.