Қарағанды облысында «Жер-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді, деп хабарлайды өңірлік Төтенше жағдайлар департаменті. Оқу-жаттығу аясында 24 шілде күні сағат 10:00-де «Барлығының назарына!» дабылы беріліп, халықты құлақтандыру жүйесінің жұмысын тексеру үшін барлық қолда бар дыбыстық электросиреналар іске қосылады.
Осыған байланысты облыс тұрғындары мен қонақтарынан сабыр сақтап, дүрбелеңге бой бермеуді немесе жалған ақпаратқа сенбеуді өтінеді.