Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында орналасқан мешіттердің бірінде өрт шықты, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Қарағанды облысының Томар ауылында жергілікті мешіттің ғимараты толығымен қирап қалды. Өрт өткен түнде ғимарат бос тұрған кезде тұтанған.
"Өрт ғимаратты тез шарпып, қою түтін алыстан көрінді", – делінген хабарламада.
Жергілікті тұрғындар құтқарушылар келгенше өртті сөндіруге тырысқанымен, тілсіз жауды жеңе алмады. Бір жақсысы, зардап шеккендер жоқ.
Өрттің шығу себептері анықталып жатыр.