BANNER

Қарағанды облысында «Қазақмыстың» екі қызметкері қайтыс болды

Сурет: pexels

Қайғылы оқиға Қарағанды облысындағы «Саяқ-3» шахтасында болған, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі.

Компания мәліметінше, шахтада көміртегі газы бөлінген.

«Барлық жұмысшылар жедел түрде эвакуацияланды. Зардап шеккендер жақын жердегі медициналық мекемелерге жеткізілді. Өкінішке қарай, екі жұмысшы қайтыс болды. «Қазақмыс» басшылығы мен ұжымы қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Марқұмдардың отбасыларына қажетті барлық көмек көрсетіледі», – деп хабарлады компания

Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда, қайғылы жағдайды тексеру үшін арнайы комиссия құрылды.