Гидротехникалық құрылыстар штаттық режимде жұмыс істейді, толып кетудің алдын алу мақсатында су төгінділері жүргізілуде. Қарағанды облысының ірі су қоймаларынан (Самарқанд, Ынтымақ, Шерубай – Нұра) ағынды сулардың ұлғаюына байланысты Абай, Бұқар жырау және Нұра аудандарының Нұра өзенінің төменгі ағысында орналасқан 28 елді мекенінде және Ақтоғай ауданының 2 елді мекенінде және Қарағанды қаласында қапшықтарды төсеу, инертті материалдарды төгу бойынша алдын алу іс-шаралары және қорғаныс біліктерін нығайту бойынша шаралар жүзеге асты.
Қазіргі таңда 720 адам, 202 бірлік техникасы, 24 бірлік мотор сорғысы, 1 бірлік «Xingtai» тіркемелі сорғы станциясы ТЖД, ҰҰ, ҚМ, ІІМ, ЖАО және басқа да ұйымдар жұмылдырылған.
Су тасқыны басталғаннан бері 245 912 текше метр су сорылды, оның ішінде өткен тәулікте 46 470 текше метр су сорылды. 98 335 қап төселді, оның ішінде өткен тәулікте - 7 450 қап төселді. Су тасқыны басталғаннан бері 1131 тонна инертті материал, оның ішінде тәулігіне 223 тонна инертті материал құйылды.
Қазіргі таңда Төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті атқарушы орган қызметкерлері су басу қаупі бар аймақтардың жағдайын бақылау үшін тәулік бойына кезекшілік ұйымдастырды.
Төтенше жағдайлар департаментінде су тасқынына қарсы штаб тәулік бойы жұмыс істейді, 87212 51-11-10.
Қарағанды облысында сағат 02.04.2024 ж. 19.30-дегі су тасқыны жағдайы
-