BANNER

Қарағанды технология және сервис колледжінде «ЖАСЫЛ ЕЛ» еңбек жасақтары сарбаздарының фирмалық киім-кешегі жиынтығын тігуде

Қарағанды технология және сервис колледжі

Қарағанды облысы бойынша XX еңбек маусым  «ЖАСЫЛ ЕЛ» еңбек жасақтары сарбаздарының фирмалық киімдерімен қаламыздың технология және сервис колледжінде қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде.

Жоба бюджетінің негізгі үлесі «ЖАСЫЛ ЕЛ» сарбаздарының фирмалық киім-кешегі жиынтығын тігуге түседі. Биылғы маусымда «ЖАСЫЛ ЕЛ» сарбаздарын 100% фирмалық жабдықтармен қамтамасыз ету жоспарлануда. Фирмалық киім-кешегі кепка, футболка, куртка, шалбардан тұрады.

Жоба бойынша 2 жыл бойы фирмалық жабдықты жергілікті өндірушілер тігіп келді. Биылғы жылы тігу бойынша жұмыс көлемінің “ЖАСЫЛ ЕЛ” еңбек жасақтарының киімдерінің бір бөлігін  Қарағанды технология және сервис колледжі жанындағы тігін цехы орындады. Бұл өз кезегінде жергілікті өндірушілердің қолдауы болып саналады.

Техникалық қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында маусымдық жұмыспен қамтуды қамтамасыз етумен қатар «ЖАСЫЛ ЕЛ» сарбаздары арнайы киім-кешекпен қамтамасыз етіледі.

Биыл маусымдық жұмыспен облыс бойынша 4820-ге жуық адам қамту жоспарлануда, бұл республика бойынша ең үлкен көрсеткіш болып есептеледі.  Өткен жылмен салыстырғанда облыс бойынша сарбаздар саны 1820 адамға артты.

«ЖАСЫЛ ЕЛ» жобасының негізгі міндеті жастарды қоғамдық пайдалы еңбекке баулу болып саналады. Елді мекендерді абаттандырумен және көгалдандырумен айналыса отырып, жас ұрпақ отбасылық бюджетті толықтыруға мүмкіндік алып қана қоймай, сонымен бірге әлеуметтік байланыс құру дағдыларын игеріп, қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастырады.