BANNER

Қарағандыда «Қарқаралы хан Бертіс және оның заманы» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті

Life09

1Арқа төрінде XVII ғасырдың ортасы мен XVIII ғасырдың басында өмір сүрген даңқты би, қоғам және мемлекет қайраткері, сол дәуірде өмір сүрген замандастары арасында Қарқаралы хан Бертіс аталған Бертіс бидің «Қарқаралы хан Бертіс және оның заманы» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Шараның мақсаты - Бертіс бидің өмірі мен қызметін және өмір сүрген заманы туралы терең тарихи танымы бар ғылыми-зерттеулерге қызығушылық танытып отырған оқырман қауым мен көпшілікке насихаттау болып саналады. Ғылыми-практикалық конференцияда Бертіс ханның қоғамдық-саяси өмірі мен қайраткерлік тұлғасы туралы елімізге танымал зерттеуші ғалымдар, өлкетанушылар, қоғам қайраткерлері ғылыми баяндамалар жасады.

1

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінен келген тарих ғылымдарының докторы, профессор Жамбыл Артықбаев "Бертіс хан туралы жазбалар" тақырыбында баяндамасымен  конференцияны бастап берді. Сондай-ақ тарих ғылымдарының докторы, профессор Рымбек Жұмашев, филология ғылымдарының докторы, профессор Берік Рақымов,  тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Жамбыл Жұмабеков,  география ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Серікболат Талжанов,  журналист, өлкетанушы Ерғазы Төлеуов, ҚР мәдениет қайраткері, ҚР Журналистер Одағының мүшесі Ермек Балташұлы,  PhD докторы

Нұртас Смағұлов,  мемлекет және қоғам қайраткері Бағдат Сейітбатталұлы , Академик, техника ғылымдарының докторы, профессор Нариман Жалғасұлы  сияқты ғалымдар сөз алып, Бертіс хан жайлы маңызды ақпарттарды ортаға салды.

1

Конференцияның қорытындысында арнайы резолюция қабылданды:

 

1. Бертіс бидің өмірі мен қайраткерлік тұлғасына туралы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жалғастыру;

 

2. Қарқаралы ауданы орталығында және Қарағанды облысы орталығында Қазақ хандығының даңқты тұлғасы, «Қарқаралы хан Бертіс биге» ескерткіш-стелла орнату.