BANNER

Қарағандыда өткен облыстық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде 130 тонна жергілікті өнім сатылды

Фото: gov.kz

Қарағандыда 20 сәуірде Global City СОО аумағында кезекті «Ауыл береке – 2024» облыстық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. 

Онда жеті ауданның тауар өндірушілері мен қала кәсіпкерлері өз өнімдерін ұсынды.

Нарық бағасынан 10–15 % төмен бағадағы жергілікті тауарлар сатып алушылар тарапынан сұранысқа ие болды.

«Жәрмеңкеде барлығы 130 тонна тауар сатылды. 52 тонна ет өнімдері, 32 тонна картоп және 10 тонна жеміс-көкөніс, 16 тонна сүт өнімдері, 175 мың дана тауық жұмыртқасы және басқа да өнімдер сатылды, – деп хабарлады ауыл шаруашылығы басқармасы.