BANNER

Қарағандыда Республика күніне орай «Жас мемлекеттік қызметші» мектебінің ашылу салтанаты өтті

Сурет: МҚІА Қарағанды облысы бойынша департаменті

Республика күніне орай Мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды облысы бойынша филиалында «Жас мемлекеттік қызметші» мектебінің ашылу салтанаты өтті. Іс-шараның басты мақсаты – ел болашағына өз үлесін қосуға дайын, кәсіби білікті және заманауи көзқарастағы жас кадрларды тәрбиелеу.

Ашылу салтанатына Департамент басшысы Жандос Сәрсен, Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Айсұлу Ерниязова, Мемлекеттік басқару Академиясының профессоры Әділ Тазабеков, мемлекеттік қызмет ардагерлері, сондай-ақ, өңірдегі жоғары оқу орындарының белсенді студенттері қатысты.

Сөз алған қонақтар қатысушыларға «Жас мемлекеттік қызметші» мектебінің негізгі бағыттары мен бағдарламасын таныстырып, ел игілігі жолында адал қызмет етуге, жауапкершілік пен кәсібилікті басты ұстаным етуге шақырды.

Арнайы шақырылған мемлекеттік қызмет ардагерлері болашақ мемлекеттік қызметшілерге тәжірибелі мамандардың қолдауына сүйеніп, өз қабілеттерін дамытуға кеңес берді.