BANNER

Қарағандыда салынып жатқан тұрғын үй кешендерінің қайсысында рұқсат құжаттары бар

Суреттер: облыс әкімдігінің сайтынан

Қарағандыда қазір 55 көппәтерлі тұрғын үй салынуда, оның 48-інде барлық рұқсат құжаттары бар, төрт көппәтерлі тұрғын үйде құжаттардың толық пакеті бар, бірақ құрылыс жұмыстары тоқтатылды, біреуінің рұқсаты жоқ және екеуі ұзақ уақыт салынып жатқан үйлер.

Тұрғын үй кешендері туралы толық ақпаратты Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасынан, сондай-ақ Қарағанды қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінен мына телефондар арқылы алуға болады: (8-7212) 42-11-76, 42-12-65.

Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу үшін барлық рұқсат құжаттары бар салынып жатқан үйлердің тізімі:

Шахтерлер даңғылы, 41б мекенжайындағы «Dream House» ТК қоспағанда, әкімдік беретін үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсаты бар тұрғын үй кешендері жоқ.

Сонымен қатар, үлескерлердің қаражатын тарту үшін тұрғын үй-құрылыс кооперативтері (ТҮҚК) құрылады, бұл заңмен тыйым салынбаған, бірақ КТҮ құрылысының аяқталу мерзімдері туралы 100% кепілдік бермейді. Мұндай «Жилой фонд» ТҮҚК (барлық нысандар) және «Comfortniy Gorod» («Новый Город-2» ТК, «Новый Город-3» ТК, «Британский Комфортный Квартал» ТК) құрылыс компанияларында құрылған.

Үлестік құрылыс туралы қолданыстағы заңнаманы айналып өту кезінде жасалған барлық мәмілелер жарамсыз болып табылады. Оларға алдын ала брондау шарты, инвестициялау шарты, талап ету құқығын беру шарты жатады.

Құрылыс салушылар Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» заңнамасында тиісті рұқсатсыз үлескерлердің қаражатын тартуға тыйым салынатынын, бұл ретте ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 320-бабы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214-бабы бойынша кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрлерімен айналысқаны үшін жауапкершілік көзделгенін есте сақатағаны жөн.

Қарағанды қаласы әкімдігінің ақпараты бойынша