BANNER

Қарағандыда «Жас офицерлер балы – 2025» өтті!

Фото: Санжар Ермеков

Балға 30-дан астам жұп қатысып, кеш ұрпақтар сабақтастығының, әскери жинақылықтың және жоғары патриоттық рухтың символына айналды.

 Балдың басты ерекшелігі — үш буынның қатысуы:
• Аға буын — жас офицерлер
• Орта буын — Т. Бигелдинов атындағы Қарағанды әскери колледжінің курсанттары
• Кіші буын — «Жас Сарбаз» және «Жас Сақшы» сыныптарының оқушылары

 Қатысушылар салтанатты полонез бен әсем вальсті орындауда өзара сайысып, өнерін көрсетті.

Сайыс қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға естелік сыйлықтар табысталды, ал үздік жұптар дипломдармен, ақшалай сертификаттармен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.

«Жас офицерлер балы – 2025» жастарды, курсанттарды және офицерлерді біріктіретін, ұрпақтар сабақтастығын нығайтатын және әскери қызметке құрметті арттыратын маңызды патриоттық алаң екенін тағы дәлелдеді.