BANNER

Қарағандыда жасөспірімдер құрдасына жабылып, аяусыз соққыға жыққан

Фото: Gemini ИИ

Қарағанды қаласында бірнеше жасөспірім қыз құрдасын топ болып ұрып-соққан, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі t.me/stankznews-ке сілтеме жасап.
Оқиға 12-шағын ауданда кешкі уақытта болған.

Зардап шеккен қыздың анасы Надежда Кошелдің айтуынша, шабуылға ешқандай себеп болмаған, бұған дейін олардың арасында жанжал да тіркелмеген. Жасөспірімдер қызды қоршап алып, соққыға жыққан. Оқиғаны видеоға түсіріп алғаны да белгілі болды.

Қазіргі таңда 16 жастағы жасөспірім ұл мен 17 жастағы қыз уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиға бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.