«Қарағандыда жастар арасында дропперліктің алдын алуға бағытталған «Сенің картаң — сенің болашағың» әлеуметтік жобасы іске қосылады»

Сурет: ЖИ

Қарағанды қаласында жастар арасында дропперліктің алдын алу және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге бағытталған «Сенің картаң — сенің болашағың» атты әлеуметтік жоба іске қосылады.

Жоба уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп жүзеге асырылады және колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері арасында ақпараттық-түсіндіру кездесулерін өткізуді көздейді.

Кездесулер барысында жастарға қаржылық алаяқтық схемалары, банк карталарын үшінші тұлғаларға берудің қауіп-қатері, сондай-ақ заңсыз қаржылық операцияларға қатысудың құқықтық салдары түсіндіріледі.

Жобаның басты мақсаты — жастардың құқыққа қайшы әрекеттерге тартылуының алдын алу, қаржылық және құқықтық сауаттылығын арттыру.

Естеріңізде болсын: банк картасы — сіздің жауапкершілігіңіз, ал қаржылық қауіпсіздік саналы таңдаудан басталады!

«Сенің картаң — сенің болашағың». Болашағыңды өзгенің қолына берме!