Molodoy қатарынан үшінші ірі турнирде жеңіске жетті

Сурет: Әлеуметтік желіден

Қазақстандық Даниил Голубенко өнер көрсететін FURIA командасы Counter-Strike 2 ойынынан BLAST Rivals Season 2 турнирінің чемпионы атанды.

15 қарашада Гонконгте өткен финалда бразилиялық команда ресейлік Team Spirit ұжымын 3:0 есебімен жеңді. FURIA Ancient картасында 13:11, Dust2-де 13:5, ал Mirage картасында 13:8 есебімен басым түсті.

Турнир жеңімпаздары клуб үлесін қоса есептегенде 250 мың доллар сыйақы алды.