Қарағандылық құтқарушы Президенттен сыйлыққа сағат алды

-

Қарағанды облысы ТЖД № 23 өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы Серік Сағаш Қазақстан Республикасы Президентінің атынан қол сағатымен марапатталды. Қарағандылық құтқарушы Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынына қатысты күрделі жағдайда жанқиярлық жұмыс атқарғаны үшін марапатталды.

Оныншы сәуірде Серік Сағаш Қарағанды өңірі тобының құрамында су тасқынымен күресу үшін Солтүстік Қазақстан облысына жіберілді. Тұрақсыз кесте жағдайында тәулігіне 17–20 сағаттан топпен бірге халықты эвакуациялады, бөгетті нығайтты, патрульдеуді жүзеге асырды (су деңгейін бақылау).

"Серік Сағаш азаматтық қорғау органдарында 2018 жылдан бері қызмет етіп келеді. Қызмет барысында ол өзін оң жағынан дәлелдеді. Өз міндеттерін орындауға жауапкершілікпен қарайды", – делінген хабарламада.