Қарағанды облысының "САРЫАРҚА_09" математика мұғалімдерінің командасы "Математикалық регата" республикалық олимпиадасында бірінші болды. Еліміздің барлық өңірлерінен барлығы 22 команда, сондай-ақ НЗМ және РФММ өкілдері қатысты.
Қазылар алқасы педагог-практиктерден және жоғары оқу орындарының оқытушыларынан тұрды.
Қарағанды командасының құрамында: Ақниет Ілиясов, Н. Нұрмақов атындағы ММЛИ математика пәнінің оқытушысы; Наталья Медведева, Саран қаласының № 1 мектеп-лицейінің математика пәнінің мұғалімі; "Дарын" ММЛИ математика пәнінің мұғалімдері Нұрсара Мақсұтова мен Бейбігүл Аймағанбетова болды.
– Олимпиада бесінші рет өткізілуде. Оған облысымыздың үш мектебінің оқытушылары қатысты. Байқау төрт кезеңнен тұрды. Әр тур үш тапсырмадан тұрады. Барлық тапсырмалар ерекше болды. Белгілі бір уақыт ішінде біз тапсырмаларды шешіп, командада жұмыс істедік. Нәтиже әр кезеңде жиналған ұпай санына байланысты болды. Команда капитаны Ақниет Ілиясов болды, – деді "Дарын" ММЛИ математика пәнінің оқытушысы Нұрсара Мақсұтова.
Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері I, II, III дәрежелі дипломдармен және грамоталармен марапатталды.
"Математикалық регатаны" ұйымдастырушы – ҚР Білім Министрлігінің "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығы.