Қарағанды облысында жол бойында қараусыз жүрген малдың көптігінен көлік апаты жиілеген. 2023 жылы 5 жағдай тіркелсе, биыл үш айдың өзінде 3 апат болып, бір адам қаза тапты. Осыған байланысты жолшылар жергілікті полициямен бірлесіп ауыл тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар үлгі ретінде олардың қолындағы төрт түлікке арнайы жарыққа шағылысатын белгілерді ілді. Малын жол бойына қараусыз жіберген түрғындар айыппұл төлейді. Бүған қоса көлік иесіне келген шығынды өтейді.
ҒАЛЫМЖАН СЕЙДІМХАНОВ «ҚАЖ сервис» ЖШС директоры
-Малдардың жолға шығуы салдарынан жолдың шетіне орналастырылған мынау торларды бұзып өтіп кетеді. Онымен қоса жолдың шетіндегі белгілерді, қоршауларды майыстырады. Осының салдарынан қаншама шығын келеді. Сол шығын салдарынан жолды қосымша күтіп үстау жұмыстарына кері әсерін тигізеді.
ҚАРАУСЫЗ МАЛ САЛДАРЫНАН ЖОЛ АПАТЫ ЖИІЛЕГЕН
Фото: ашық дереккөз