Мемлекет басшысы шынайы патриотизм туралы өз пікірін білдіріп, оны ұрандатпай, нақты іс-әрекетпен дәлелдеп жүрген қарапайым адамдарды үлгі ретінде атап өтті.
«Менің ойымша, шынайы патриотизм - айқай-шусыз, көзбояушылықсыз болады. Патриоттар көкірек соғып, жалынды сөз айтпайды, сұхбат беріп, көпшіліктің алдында көз жасын төкпейді. Оларға сөзбен әсер ету немесе театрландырылған әрекеттер тән емес. Патриот болу - ел мен отбасы игілігі үшін адал еңбек ету. Қоқыс жинау, ағаш отырғызу, табиғатты қорғау, үлкенді құрметтеп, кішіге үлгі болу - мұның бәрі патриотизмнің көрінісі», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президенттің айтуынша, аймақтарға сапары барысында ол инженерлермен, жұмысшылармен, мұғалімдермен, дәрігерлермен, шаруалармен, әскери қызметкерлермен, мәдениет қайраткерлерімен кездеседі. «Мен олардың - Отанымыздың нағыз патриоттары екеніне көз жеткізудемін!» - деді ол.
«Отан - бұл ең алдымен сенің үйің, аулаң немесе көшең. Оларды таза әрі тәртіпті ұстау - әр азаматтың парызы», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.
«Менің ойымша, екі тарап та дұрыс емес. Себебі Азияда ежелден бері бейбіт қатар өмір сүру формуласы бар – ол заң мен тәртіпке негізделген “керемет үйлесім”. Бұған дейін мен қоғамдық өмірдің маңызды қағидатын жариялағанмын – бұл “Әралуандықтағы бірлік”. Бұл өзара құрметті, ұстамдылықты және өзін-өзі тәртіпке шақыруды білдіреді. Тағы да қайталап айтамын: Қазақстан үшін “Заң және Тәртіп” қағидаты, қылмыс үшін жазаның бұлжымайтыны – өте маңызды. Олай болмаса, біз алға қойған барлық жоспарлар мен міндеттерді орындай алмаймыз», - деді ҚР Президенті.
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Нағыз патриоттар айғайламайды, кеудесін ұрмайды»
akorda.kz
