Өзбекстанның Ферғана облысында 64 жастағы ер адам отбасылық кмкілжіннен кейін, келінінің басын кесіп тастаған, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі «Азаттық» радиосына сілтеме жасап.
Қайын ата келініне «дәмді тағам дайында» деп бұйрық еткен. Келіні болса кезінде қолынан келген тамақты дайындайтынын, дәмі қандай болса да бәрі жеуі керектігін айтқан. Содан соң әйел есікті жауып, есіктің әйнегі сынып кеткен.
Тергеу мәліметінше, қайын атасы келінінің осы әрекетіне ашуланып, ас үйде тұрған әйелдің басынан ұрған. Салдарынан келіні есінен танып қалған. Кейін оны таулы аймаққа апарып, асхана пышағымен «мойынын кесіп» тастаған. Басын пакетке салып, Файзобод ауылындағы «Тожиали обод» колхозының аумағындағы аршаға тығып қойған. Ал денесін қоқыс жәшігіне лақтырып жіберген.
Күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр. Оның үстінен «Қасақана кісі өлтіру» бабы бойынша іс қозғалды.