BANNER

Қазақстан астық экспортының көлемін ұлғайтуда

Фото: Life09

Биыл алынған астық көлемі ішкі нарықтың қажеттілігін толық өтейді, сондай-ақ экспорт көлемін ұлғайтуға да мүмкіндік береді. Бұл туралы Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов мәлімдеді.

Ол 2024-2025 маркетингтік жыл ішінде Қазақстан 13,4 млн тонна астық экспорттағанын, бұл алдыңғы ұқсас кезеңнен 47%-ға артық және соңғы 20 жылдағы ең жоғары көрсеткіші екенін атап өтті.
 

«Бүгінгі таңда 3,4 млн тонна жаңа астық экспортталды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 20%-ға көп. Экспорттық әлеует шамамен 13 млн тоннаны құрайды»,


— деп атап өтті Азат Сұлтанов.

Дереккөз: Ukimet