Speedtest Global Index сервисі қараша айындағы интернет жылдамдығы бойынша әлемдік рейтингті жариялады, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Мобильді интернет сапасы жөніндегі әлемдік рейтингте Қазақстан бір сатыға төмендеп, 46-орынға орналасты. Елдегі орташа жүктеу жылдамдығы 93,07 Мбит/с болды. Ал Жапония бұл көрсеткіш бойынша 62-орында тұр – 65,14 Мбит/с.
Мобильді интернет жылдамдығы бойынша көш бастап тұрған елдер:
- Біріккен Араб Әмірліктері – 672,68 Мбит/с
- Катар – 542,56 Мбит/с
- Кувейт – 398,66 Мбит/с
- Ең төмен жылдамдық Боливияда тіркелген – 14,35 Мбит/с.
Тіркелген кеңжолақты интернет (fixed broadband) жылдамдығы рейтингі бойынша Қазақстанның көрсеткіші төмендеп, 91-орынға жайғасты. Мұнда орташа жылдамдық 83,5 Мбит/с. Бұл санатта Жапония айтарлықтай алда – 23-орын (229,84 Мбит/с).
Қалалар арасындағы мобильді интернет жылдамдығы рейтингінде:
- Алматы – 63-орын (127,79 Мбит/с)
- Астана – 67-орын (125,58 Мбит/с)
Салыстыру үшін айта кетсек, Токио бұл тізімде тек 90-орынға орналасқан (80,44 Мбит/с). 2025 жылдың екінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша Қазақстан мобильді интернет сапасы рейтингінде 45-орын алған еді.
