Қазақстан Композиторлар Одағының 85 жылдығына орай Қарағанды симфониялық оркестрі концерт береді

Фото: gov.kz

Қарағандыда 20 сәуірде сағат 17:00-де Қазақстан Композиторлар Одағының 85 жылдығына орай Еркеғали Рахмадиев атындағы Қарағанды академиялық симфониялық оркестрінің концерті өтеді.

Концертте Балнұр Қыдырбек, Владимир Стригоцкий-Пак, Бейбіт Дәлденбай, Төлеген Мұхамеджанов, Серік Еркімбеков, Серікжан Әбдінұров, Гүлжан Өзенбаева, Марат Сүтішов, Әліби Әбдінұров және т. б. сазгерлердің шығармалары орындалады.

Дирижер – халықаралық байқаулардың лауреаты Әбілқайыр Сағымбаев.

Анықтама телефондары: 41-13-14, 41-22-30.