BANNER

Қазақстан мен Түркия арасындағы Әскери ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды

Фото: жоқ

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркия Республикасына мемлекеттік сапары аясында Қазақстанның Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов Түркияның Қорғаныс министрі Хулуси Акармен кездесті.

 

Кездесу барысында Қазақстан мен Түркия арасындағы екіжақты әскери ынтымақтастықты реттейтін бірқатар құжаттарға қол қойылды. Сонымен қатар генерал-полковник Руслан Жақсылықов Түркия Қарулы күштері Арнайы операциялар күштерінің орталығында болды. Бұдан өзге сапар аясында Қазақстан қорғаныс ведомствосының басшысы Түркия Республикасының Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлумен кездесті.