Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке экономиканың барлық саласын жаңғырту үшін жаппай жасанды интеллектіні енгізу қажеттігін тапсырды.
— Қазіргі құзырлы министрліктің негізінде жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құру қажет деп санаймын. Жаңа министрлікті Премьер-министрдің орынбасары деңгейіндегі маман басқаруы қажет. Үкімет экономиканың барлық саласын жаңғырту үшін жаппай жасанды интеллектіні енгізу қажет, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында.
Мемлекет басшысының мәлімдеуінше, Қазақстанды бәсекеге қабілетті ел ретінде танытамыз десек жұмысты жаңа тәсілмен жүргізу керек.
Бұған дейін Президент Қазақстан үш жылдың ішінде жаппай цифрлық ел болуы керектігін айтты.
Дереккөз:kaz.inform.kz