BANNER

Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: Елге қайтарылған қаржы халық игілігіне жұмсалуы тиіс

Кадр видеодан

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында Бас прокуратура жанындағы Активтерді қайтару жөніндегі комитеттің атауын өзгертуді ұсынды. Енді бұл құрылым Инвесторлар құқығын қорғау комитеті деп аталатын болады.

Мемлекет басшысының айтуынша, заңсыз алынған активтерді қайтару бойынша ауқымды жұмыс атқарылған. Нәтижесінде мемлекет қазынасына 850 миллиард теңге қайтарылды. Бұл қаражат білім беру, денсаулық сақтау және инфрақұрылым салаларындағы бірқатар әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға бағытталды.

Президент алдағы уақытта республикалық бюджетке қосымша қаражат түсетінін де атап өтті.