BANNER

Түркістан облысында ер адам әкесін аяусыз қорлады деген күдікке ілінді: Қария көз жұмды

Stan.kz

Жантүршігерлік жағдай Шардара қаласында болған, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап. Желдегілердің айтуынша, видеодағы ақсақал қаскөйдің әкесі.

Ер адам жуындырғалы жатқан қартты балағаттап, “екі қабырғаңды сындырамын” деп қорқытты. Енді бір кадрдан қарияның жолдың үстінде аяққа тұра алмай отрығанын көруге болады.

Үшінші кадрда адамдарың не істеп жатқаны анық көрінбегенімен, соққының дыбысы шығып жатты. Ер адам қартты тұрғыза алмай әлек. Оның жанында жүрген әйелдің де қарияны ұрып-соғып, дөрекілік танытқаны айқын көрінеді. Желідегілердің сөзінше, видеодағы ер адам - белгілі асаба. Ал қария жақында көз жұмған.

Полиция ер адамның үстінен іс қозғап, қамауға алған.