BANNER

Қазақстанда жол апатынан зардап шеккендерге берілетін сақтандыру төлемі көбейеді

Фото: ИИ

Депутаттар көлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы заңға өзгеріс енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап. Құжатқа сай апаттан жарақат алғандарға 1 миллион 179 мың теңгеге дейін, мүгедектік алғандарға 4-13 миллион теңгеге дейін өтемақы төленуі мүмкін. Сондай-ақ кәмелетке толмаған балалар жарақат алса – 8 миллион, адам қаза тапқан жағдайда 16 миллион теңге берілмек. Бірақ сақтандыру компаниялары бұл ұсыныспен келіспейді.