BANNER

Қазақстандық скрипкашы Руслан Талас әлемдік байқауда өнер көрсетті

Фото: Aikyn.kz

Қазақстандық скрипкашы Руслан Талас Брюссельде өткен Елизавета патшайымы атындағы академиялық музыканттар конкурсының финалында өнер көрсетті. Бұл – әлемдегі ең беделді музыкалық байқаулардың бірі.

Музыкалық сайыс Бельгия патшайымы Елизаветаның бас­тама­сы­мен 1937 жылдан бері ұйым­дастырылып келеді. Биыл байқаудың бірінші турында 63 скрипкашы өзара бәсекеге түсіп, үздік 12 музыкант ақтық сынға жолдама алды. Соның бірі – Руслан Талас. Жерлесіміз Моцарт, Брамс, Изаи мен француз ком­позиторы Эскештің шығарма­ларын құйқылжыта орындады. Қазылар алқасының мүшелері мен көрермендер қазақстандық музыканттың талантына тәнті болды. Отандасымыз Мәскеу кон­серваториясын тәмамдап, қазір Швейцарияның Лозанна қаласындағы Жоғарғы музыка мектебінде тәлім алып жатыр.

"– Бұл байқаудан ұмытылмас әсер алдым. Мынадай залда, бай­қаудың финалында, Матильда патшайымның алдында өнер көр­сету – мен үшін үлкен құрмет. Осы конкурсқа қатысуды бала ке­зімнен армандап едім. Бұл мен үшін керемет, ұмытылмас тә­жіри­бе болды", – деді скрипкашы Рус­лан Талас. 

Жерлесіміздің бірегей талант екенін бельгиялық БАҚ жарыса жа­зып жатыр. Бүгін Руслан Талас пен байқаудың финалына қатыс­қан тағы 11 музыкантты Бельгия патша­йымы Матильда қабылдай­ды.