BANNER

Қазақстандықтар Кореяда қашан заңды жұмыс істей алады?

Фото: primeminister.kz

Еңбек министрі Светлана Жақыпова Кореямен меморандумға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Orda.kz- ke сілтеме жасап.

Еңбек министрі Светлана Жақыпова қазақстандық азаматтар Кореяда заңды түрде жұмыс істеуге мүмкіндік беретін, жұмысқа орналасуға рұқсат беру жүйесін енгізу жөніндегі келіссөздерге түсініктеме берді.

«Қазақстан өз азаматтарын Кореяда оқытып, заңды түрде жұмысқа орналастыруға дайын, бірақ меморандумның бекітілуін күтіп отыр. Меморандумға қол қою Оңтүстік Корея президентінің Қазақстанға сапары кезінде жоспарланған болатын, бірақ келісудің кешігуіне байланысты мерзімі әлі анықталған жоқ»,– деді еңбек министрі.