Қазақстандықтар мамырда қанша күн демалады?

pixabay.com

Мамыр айында Қазақстанда үш мереке тойланады.

2024 жылдың мамыр айында қазақстандықтар 11 күн демалады. Осы айда елімізде үш мереке атап өтіледі.

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі.

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні.

9 мамыр – Жеңіс күні.

Қазақстандықтар 6-9 мамыр аралығында ұзақ демалыс күндерін күтуде. 4 мамыр, сенбі демалыс күні 8 мамыр сәрсенбіге ауыстырылды.

Еске сала кетсек, Қазақстандықтар мамыр айындағы мерекелерде үш күн қатарынан демалады. Тиісті бұйрыққа Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова қол қойды.

Бұйрықта шешім "жұмыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында" қабылданғаны атап өтілген.