Отандық шоу-бизнес жұлдызы Айқын Төлепберген оқырмандарына тойға қалай дайындалып жатқанын көрсетті, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Өнер иесі екінші жары, әнші Жұлдыз Өмірғалимен тоғыз жылдан кейін үйлену тойын жасамақшы.
“Қазір бір түсірілімге бара жатырмыз. Жаңа имидж, көзілдірік киіп алдым. Тәтем бар қасымда. Тәтем боянып алған, алтындарын тағып алған. Той алдында арықтап кетті. Маған қарамайды. Сегіз келі тастапты. Біз енді жас жұбайлармыз, құттықтасаңыздар болады. Бейсенбі тойымыз болады. Шақырылған қонақтар ұмытып кетпеңіздер. Тойға келмегендер нөмірімді өшіріп тастасаңыздар болады", – деді әнші.
Еске салайық, өнерлі жұп не себепті той жасамағанын түсіндірген еді.
“Негізі бұл тойды тоғыз жыл бұрын жасайын деп ойлап едік. Бірақ Жұлдыздың ұзатуынан кейін хейт басталып кетті. Сол кезде Жұлдызға "Кішкене күте тұрайық, халық үйренсін бұл жаңалыққа, ашуы басылсын" деген едім. Сосын енді той жасайын деп жатқанда кино түсіріп кеттік. Оны аяқтап, енді той істейін дегенде, пандемия басталып кетті. Әне-міне деп жүріп үй салдық, сөйтіп жүргенде 9 жыл өтіп кетіпті ғой. Енді, міне, той жасайық деп шештік”, – деген болатын Айқын.