BANNER

«Қолына түскенді лақтыра салатын»: Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі

Фото: видео скрин

«Умные люди с Асель Кожаковой» ютуб арнасына берген сұхбатында Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман экс-министрмен бірге өмір сүрген жылдарын еске алды, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі El.kz сайтына сілтеме жасап.

Сұхбат барысында Әсел Қожақова Қаһарманнан «Бишімбаев тарапынан физикалық зорлық-зомбылық болды ма?» деп сұрады. Ол Салтанат Нүкеноваға жасалғандай жауыздықты көрмегенін, бірақ бұрынғы күйеуінің тым ашушаң болғанын алға тартты.

"Қолына түскенді лақтыра салатын, кейде итеріп те жіберетін. Сонан соң өзі құлап қалды деп жылы жауып қоя салатын. Қолымнан ұстап алып, жанында тұрған затты ұратын", - дейді Назым Қаһарман.

Ол бұрынғы күйеуімен өмірін былай деп суреттейді:

"Құдды қолында гранатасы бар маймылмен өмір сүргендеймін, себебі қай уақытта жарылатынын білмейсің", - деді ол.

Қаһарман Бишімбаевпен айырылысқан соң ғана бақыт дегеннің не екенін түсінгенін айтады.