BANNER

Қор нарығында доллар 521 теңгеге дейін арзандады

Life09

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,63 теңгеге арзандап, 521,01 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 524,14 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 522,24 теңгеден сатып алынады, 524,10 теңгеден сатылады. Еуро 604,04 – 608,39 теңге, ал рубль 6,38 – 6,49 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 74,02 теңгеден сатып алынады, 76,60 теңгеден сатылады.

Елорданың ақша айырбастау орындарында:

- доллар 519,55 теңгеден сатып алынады, 526,54 теңгеден сатылады;

- еуро: сатып алу - 601,57 теңге, сату - 611,58 теңге;

- рубль: сатып алу - 6,35 теңге, сату - 6,50 теңге.

- юань: сатып алу - 75,02 теңге, сату - 78,85 теңге.

Еске салайық, 17 қараша күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,37 теңгеге қымбаттап, 524,14 теңге болды.