BANNER

Корея парламенті ит етін пайдалануға тыйым салатын заң жобасын мақұлдады

Ашық дереккөз

Оңтүстік Кореяда Ұлттық жиын сейсенбі күні ит етін пайдалануға тыйым салатын арнайы заң жобасын қабылдады,- деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі.

Ит өсіріп, союға, сондай-ақ ит етін таратып, сатуға тыйым салатын заң жобасын парламент мақұлдады – 208 парламент мүшесі қолдап дауыс берсе, екеуі қалыс қалды.

Басқарушы партия мен негізгі оппозициялық партия бірлесіп жануарлардың құқықтары туралы мәлімет артып, елдегі үй жануарлары саны артқанына байланысты ит ұстап, оны союға тыйым салатын арнайы заң жобасын қабылдау қажет деген мәселе көтерді.