Ксения Собчак Бишімбаевқа қатысты сот отырысына қатысу үшін Астанаға келді, - деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі.
22 сәуірде сағат 14:30-да Бишімбаевтың ісі бойынша сот тікелей эфирде жалғасты. Судья Айжан Құлбаева Бишімбаевтың адвокаттарының ісіне қатысты өтінішті оқып жатқанда, камера сот залын көрсетті. Сот процесіне қатысушылардың арасында костюм және қара көзілдірік киген Ксения Собчак болды.
Экс-министр Бишімбаевтың ісі қаралып жатқан сот залына БАҚ өкілдері қайта кіргізілді.
Сот процесі жалғасуда.