Лицензиясыз несие беріп, миллиард тапқан қостанайлық сотталды

Фото: ЖИ ChatGPT

Қостанайда лицензиясыз несие беріп, 1 млрд теңгеден астам заңсыз пайда тапқан тұрғын 2 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды.

Тергеу мәліметінше, ол азаматтардың қаржылық қиын жағдайын пайдаланып, жылдық мөлшерлемесі 120 пайызға дейін жететін қарыз берген. Сонымен қатар келісімшарттарда берешек сомасын бірнеше есе көбейтіп көрсеткен.

Осындай тиімсіз шартпен 50 адам несие алуға мәжбүр болған. Сот үкімімен қылмыстық жолмен алынған төрт пәтер, екі жер учаскесі және үш автокөлік мемлекет меншігіне тәркіленді.

Дереккөз: Qazaqstan.tv