BANNER

Маңғыстау облысында жантүршігерлік жол апатынан төрт адам қаза болды

Фото: SputnikKZ

Маңғыстау облысында төрт адамның өмірін қиған жол апаты болды, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі Sputnik.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, 6 ақпан күні "Бейнеу – Сайотес" тас жолында Toyota Camry мен КамАЗ соқтығысты. Жеңіл көліктің төрт жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды. Ал жүргізуші сан алуан жарақаттармен аудандық ауруханаға жеткізілді. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті.

Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 345-бабы (көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.