МҚІА департаментінің мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Д.Абдрахманов «Жас мемлекеттік қызметшілер мектебі»(Таланттар пулы)жобасының қатысушыларымен кездесу өткізді.
Кездесудің мақсаты – жастарды мемлекеттік қызметке тарту, тестілеу кезеңіне дайындыққа бағыт-бағдар беру және мемлекеттік қызметтің артықшылықтары мен өзгерістерін түсіндіру болды.
Шара барысында мемлекеттік қызметке кіру тәртібіндегі жаңашылдықтар, оның ішінде конкурссыз жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді.
Кездесу соңында жас буынға сәттілік тілеп, оларды мемлекет игілігі үшін қызмет етуге шақырды.