МҚІА Қарағанды облысы бойынша департаменттің Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Д.Абдрахмановпен жастарды мемлекеттік қызметке тарту мақсатында Қарағанды Медицина университетінің 4-курс студенттерімен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында мемлекеттік қызметке кіру бойынша енгізілген өзгерістер, мемлекеттік қызметтің артықшылықтары және конкурссыз мемлекеттік қызметке орналасу туралы ақпарат берілді.
Осы ретте, жоғары оқу орындарында мемлекеттік грант аясында білім алып, оны жақсы көрсеткішпен (GPA 3.33-тен жоғары) тәмәмдаған түлектер үшін мемлекеттік қызметке конкурссыз орналасу мүмкіндігі жайлы айтылды. Кездесу соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.