BANNER

Мемлекеттік қызметшілерге семинар өткізілді

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің бас маманы Д.Абаева Нұра-Сарысу облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы мемлекеттік қызметшілеріне семинар өткізді.

Жиын кезінде мемлекеттік қызметшілердің Әдеп Кодексі, тәртіптік жаза қолдану қағидасы, Қазақстан Республикасындағы заңдарында белгіленген шектеулер мен тиымдарды қатаң түрде сақтау бойынша әңгіме қозғалды.

Сондай-ақ, ойынқұмарлықтың қауіптілігі, оның салдары және алдын алу жолдары жайлы түсінік берілді.