BANNER

Мемлекеттік қызметтегі шектеулер түсіндірілді

Сурет: МҚІА

МҚІА Қарағанды облысы бойынша департаменттің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы А. Вабищевич Ә.Бөкейхан ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерімен кездесу өткізді.

Іс-шара барысында мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамалардың талаптары мен мемлекеттік қызметшілердің қызметтен тыс уақыттағы әдептілік нормалары, мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулер, сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілерге құмар ойындарға (лудомания) қатысу бойынша шектеулер туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Бұдан бөлек, мемлекеттік қызмет заңнамаларына енгізілген толықтырулар мен өзгерістер таныстырылып, іс-шара соңында қатысушылар тарапынан қызметті атқару барысында туындайтын мәселелер бойынша сауалдар қойылып, заңнама аясында жауаптар берілді.