BANNER

Нұра ауданының тұрғындары елордаға дейін 10 мың ағаш егіп, жасыл белдеу құрмақ

-

Қарағанды облысында "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясының "Жасыл аймақ" апталығы аясында жаппай ағаштарды егу жалғасуда.

Шараға Нұра ауданының тұрғындары белсенді қатысты.

Нұралықтар бірнеше күн ішінде 10 мың ағаш егіп, Елордаға дейін жасыл дәліз құруды жоспарлап отыр. Бүгін аудан әкімі Бақытжан Мұқановтың басшылығымен олар елді мекендерді көгалдандыруға кірісті.

 

– Аудан тұрғындары Президенттің бастамасын белсенді қолдап, сенбіліктер мен көгалдандыруға қатысуда. Біз ағаштардың 10 түрін егуді жоспарлап отырмыз. Олардың ішінде тал, алма ағашының, мойыл, ырғай, қарағаш және т. б. ағаштардың бірнеше түрі бар. Акцияға бүгін 300-ден астам адам қатысты, – дейді Бақытжан Мұқанов. – Көшеттерді бізге осыған дейін жасалған меморандум аясында "Жасыл аймақ" республикалық мемлекеттік кәсіпорны ұсынды.

Жаппай ағаш егу аудан орталығының тұрғындарын ғана емес, ауыл тұрғындарының да басын қосты. Халық аумақты көгалдандыру болашақта таза ауа мен жақсы экологиядан ләззат алуға мүмкіндік беретінін атап өтеді.

Балқаштықтар да көгалдандыруда белсенділік танытуда. Акция басталғалы 2 мыңға жуық көк шырша, терек және шаған ағаштары егілді. 

Қалада барлығы 3 мыңға жуық жас ағаш егу жоспарланған. 

Сондай-ақ, Балқашта күн сайын сенбіліктер өтеді, оған барлық қала тұрғындары қатысады.

Теміртау жоғары медициналық колледжінің студенттері де жасыл акциядан тыс қалмады. Олар Жастар орталығының аумағына 40 ағаш көшетін екті.

Приозерск қаласында акция аясында 450 терек пен қарағаш егілді.

Барлық ниет білдірушілер тұрғын үйлерінің жанына көшет еге алды.